Таеквондодан әлем чемпионатында қазақстандықтар 2 күміс, 1 қола медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таеквондодан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат таеквондо федерациясына сілтеме жасап.

Болгарияның София қаласында дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті.

Спортшыларымыз арасынан Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Тамерлан Тілеулес (51 кг) ерекшеленді.

Финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберген Айдана Сүндетбай, Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмаған Тамерлан Тілеулес жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Ал 48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиев ирандық А.Зандимен кездесіп, «қола» медаль алды.

Осылайша әзірге жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар