Таеквондодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таеквондодан 15-19 мамыр аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтингтік әлем чемпионатына ел намысын 16 спортшы (8 ер, 8 әйел) қорғамақ.

Ерлер арасында 54 келі салмақта Самат Темірхан, 58 келіде Елдос Ысқақ, 63 келі салмақ дәрежесінде Эльдар Бірімбай ел намысын қорғаса, 68 келіде Нұрсұлтан Мамаев, 74 келіде Қайрат Сарымсақов, 80 келі салмақта Нұрлан Мырзабаев сынға түседі. 87 келі салмақта Смайыл Дүйсебай жарыс алаңына шықса, ауыр салмақ санатында (+87 келі) Руслан Жапаров жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Ал әйелдер арасында ең жеңіл салмақта (46 келі) Айнұр Лашбай жарыс алаңына шықса, 49 келіде Айнұр Есбергенова, 53 келіде Фариза Алдоңғароваға, 57 келіде Ботагөз Қопановаға үміт артылып отыр. 62 келі салмақта Фатима Жақсыбаева, 67 келіде Ақсәуле Ерқасымова ел намысын қорғамақ. 73 келіде Жансель Денизге сенім артсақ, +73 салмақ санатында Мереке Жүнісова ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар