Таеквондо: Түркиядағы халықаралық турнирге кімдер барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан өтетін халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ал, әйелдер екі салмақта бақ сынайды.

Нақтырақ атап өтсек, 63 келі салмақта Елдос Ысқақ пен Әлімжан Серікбаев ел намысын қорғаса, 68 келі салмақта Эльдар Бірімбай, 74 келіде Қайрат Сарымсақов пен Лес Әбдусамат сынға түседі. 80 келіде Нұрқанат Қожахмет пен Нұрлан Мырзабаевқа сенім артамыз. Ал +87 келі салмақта Смайыл Дүйсебай мен Руслан Жапаров сынға түседі.

Әйелдер арасында 49 келі салмақта Фариза Алдоңғароваға сенім артылса, 73 келіде Дениз Жансель ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, таеквондошыларымызды бұл жарыстан кейін, тағы наурызда өтетін Азия чемпионаты мен сәуірде өтетін лицензиялық турнир күтіп тұр.

Азия біріншілігі Ливанның Бейрут қаласында, лицензиялық турнир Қытайдың Уси қаласында ұйымдастырылмақ.


Соңғы жаңалықтар