Таэквондо: Нұрсұлтан Мамаев Ирандағы турнирде күміс жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Киш аралдарында таэквондодан G1 санатындағы «Fajr open» рейтингілік турнир аяқталды. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев жүлдеге ілікті деп хабарлайды Olympic.kz.

Мамаев 68 келіде сынға түсіп, финалда ғана сүрінді. Нәтижесінде турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, турнирдің бірінші жарыс күнінде алты қазақстандық спортшы тұғырдан көрінді. Смайыл Дүйсебай (87 келі) мен Айгүл Елубай (57 келі) алтын медаль жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар