+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Табысынан тұрақты салық төлейтін әншілерді білесіз бе

2016 жылғы 2 қараша 12:43
Бөлісіңіз:
Табысынан тұрақты салық төлейтін әншілерді білесіз бе

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика бойынша жалпы бюджетке концерттік қызметпен айналысатын тұлғалардан 2015 жылы 520 788 581 теңге, ал 2016 жылы 470 775 047 теңге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің ресми сауалына жауап берген ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мәліметтерінде концерттік қызметпен, сондай-ақ демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша басқа қызмет түрлерімен айналысатын 4 921 жеке тұлға және 2 029 заңды тұлға тіркелген. Ал республика бойынша жалпы бюджетке концерттік қызметпен айналысатын тұлғалардан 2015 жылы 520 788 581 теңге, 2016 жылы 470 775 047 теңге түсім түскен. Алайда, жеке әншілердің 1 жылда төлеген салықтарының көлемін анықтау мүмкін болмай отыр. Оған себеп «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс еткен мәліметтер салық құпиясы болып саналады екен.

«Шоу-бизнес жұлдыздары шоғырланған Алматы қаласында өнер салысында және концерттік кызмет көрсететін 656 салық төлеуші тіркелген. Оның 443-і - жеке кәсіпкер, 213-сі - заңды тұлғалар. Тұрақты түрде салық төлеп тұратын өнер қызметкерлері ретінде Айқын Төлепберген, Алмас Кішкенбаев және Дәуіт Шайхисламовты атап өтуге болады. Бұл жұлдыздар екі жыл бойы салық мөлшерін түсірмей, уақытылы төлеп келеді. 2016 жылы олардың қатарына Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) қосылды. Астанада салық төлеуші ретінде Ерлан Көкеевті, Жания Журинскаяны және Қайрат Баекеновты айтуға болады», - дейді комитеттен.

Сонымен қатар жақында ғана Айбек Джансеитов, яғни Бүркіт, Дильназ Ахмадиева және Әли Оқапов салық төлеуші ретінде тіркелген.

«Өткен жылы ең көп мөлшерде салық төлеген өнер жұлдыздарын атап өткеніміз орынды. Олар: Роза Рымбаева, Дәуіт Шайхисламов және Лидия Досалина (Лидо). Ал осы жылы бюджетке ең көп салық төлеген жұлдыздардың арасынан Бахтияр Мамедов (Jah Khalib), Дәуіт Шайхисламов пен Айқын Төлепбергенді атап өтуге болады. Аталған белгілі тұлғалардың ерікті түрде өз табыстарын көрсетіп, салық төлеу үрдісі бойынша өздерінің басқа әріптестеріне үлгі болады деген сенімдеміз», - делінген ресми жауапта.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT