+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Табысын қыштан қалаған қаржы маманы: Бір ғана ыдыс мені бірегей жолға жетеледі

2020 жылғы 19 қыркүйек 18:36
Бөлісіңіз:
Табысын қыштан қалаған қаржы маманы: Бір ғана ыдыс мені бірегей жолға жетеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қыш-құмыра жасау өнеріне көптің қызығушылығы артып келеді. Қолөнер кәсібінің қалайша бизнес үшін маркетингтік идеяға айналғанын және керамикаға қызығушылар ол өнерді игеру үшін нені білуі керектігін ҚазАқпарат тілшісі «Twist» қыш-құмыра студиясының негізін қалаушыдан біліп көрген еді.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық өнерпаздар «Melotime» республикалық байқауында жүлдегер атанды Қазгидромет: Қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамы Футболдан ӘЧ- 2022: Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі 7 желтоқсанда тартылады

34 жастағы Әлфия Баймұқанова Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Біраз уақыт Петропавлда банкте жұмыс істеген. Алайда өзінің шынайы еңбек жолын басқа саладан тауыпты.

«Қыш-құмыра өнеріне деген қызығушылығым 6 жыл бұрын пайда болды. Бір күні балшықтан ыдыс жасап көріп, сол-ақ екен қыш-құмыра өнеріне аңсарым ауды. Сөйтіп жүріп даниялық керамикашының жарнамасын көзім шалып қалды. Ол Санкт-Петербургте шеберлік сағатын өткізгелі жатыр екен. Мен үшін бұл бір мүмкіндік екенін біле қойдым да, бірден билет сатып алдым», - дейді Әлфия.

Әлфия өнердің бұл түрімен үйінде айналыса бастапты. Алғашқы туындыларын ас үйінде жасап отырып, өз студиясын ашу туралы шешімге келген. Төрт жыл бұрын өнері мен тәжірибесі толысқан ол балшықтан өнер туындысын жасау шеберлігімен бөліспекке бекінеді.

«Әлбетте әу баста аздаған уайым болды. Қолға алған ісім қолдауға ие бола ма, әлде, жоқ па деп алаңдаушы едім. Ал қазір «Twist» студиясының табысты жұмыс істеп жатқанына бір жарым жыл болды», - дейді студияның негізін қалаушы.

Әлфия өзінің қыш-құмыра өнерін медитация түрі деп біледі екен.

«Балшықты бір-біріне жабыстырып бастағаннан-ақ ойдың бәрі іске жұмылады да, көңілдегі уайым ұмытылады. Өнер туындысын жасау үрдісі тіпті тамсандырады: қыш-құмыра дөңгелегін еппен шығару – қазіргі мәселелерден алысқа әкетеді. Сіз өз қолыңызбен жасаған әр ыдыста өзіндік тарих, толымды ойлар мен көңіл-күй жатады. Сонымен қатар жұмыс барысында шығармашылық әлеуетіңіз асқақтап, өмірге деген махаббатыңыз күшейе түседі», - дейді Әлфия Баймұқанова.

Қолөнерші материалдар мен құралдарды басқа елден, атап айтқанда балшық пен жылтырақ әшекейлерді Германия, Италия мен Ресейден әкеледі екен.

Әлфияның айтуынша қыш-құмыра өнерінің орны айрықша. Себебі онда балшықты бір-біріне жабыстыра бермейсіз. Балшықтың өзін ыдыс бола алатындай бапқа келтіру үшін ол бірнеше кезеңнен өтеді. Ол үшін балшықты 1000 градустық арнайы пешке күйдіріп алу керек.

«Дайын өнімді алу үшін оның бабын білген абзал. Бұл өнер толыққанды назарды талап етеді. Жылдам жасағыңыз келсе ырқыңызға тағы көнбейді. Ыдысты толығымен дайын болу үшін оны кептіріп, күйдіріп, әшекейлегеннен кейін қайта күйдіру керек. Алайда біздің шеберлік сағатына келетіндерді ең алдымен босаңсып, балшықпен жұмыс істеуден ләззат алуға шақырар едім. Бірінші рет айналысқаннан-ақ бұл өнер сіздің пешеніңізге жазылды ма, жоқ па – бірден білесіз», - деп атап өтті Әлфия.

Өзінің студиясында Әлфия ересектерге арнап шеберлік сағаттарын өткізеді екен. Алайда балалардың сыныбы бар. Шаралардың көбі мерекелік сипатта өтеді екен. Керамика өнерін бағалаушылар әртүрлі формадағы ыдыстар сатып та ала алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT