Табысы төмендерге 85 400 теңге субсидия: Министрлік желідегі ақпаратқа түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға 85 400 теңге субсидия беру туралы желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз», - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомство еске салып өткендей, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады.


Соңғы жаңалықтар