Табысы төмен отбасыларға мемлекеттен қандай қолдау бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғаға 31 183 теңге жәремақы төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табысы төмен отбасыларға мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары қарастырылған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Оны тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері күн көріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Осылайша 2017 жылмен салыстырғанда Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта беріліп жатыр және тек ақшалай төлеммен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Соның ішінде жұмысқа тұруға қолдау көрсету, оқыту, микрокредит беру және тағы басқаралары бар», - деп атап өтеді министрліктен.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, елімізде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларын, асыраушысынан айырылған отбасыларын және тағы басқаларды қолдау үшін жекелеген әлеуметтік шаралар қарастырылған.

Атап айтқанда, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 41 578 теңгені құрайды. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге мүгедектік тобына қарай беріледі: бірінші топтағы мүгедек балаға - 57 021 теңге, екінші топтағыға- 47 220 теңге, үшінші топтағы балаға - 35 638 теңге.

Осы төлемге қоса, кәмелет жасқа толғанға дейінгі мүгедек-бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы беріледі. 2018 жылдың қортындысы бойынша 80,6 мың адам осындай жәрдемақы алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрап отыр.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 жастан асқан бала күнінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтімі бойынша жәрдемақы беру енгізілді. Өткен жылы оны 11,5 мың адам алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады.

Сондай-ақ, техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар (жасанды-ортопедиялық көмек, сурдо, тифло-құрал), жүріп-тұруы үшін қажетті құралмен (арба), шипажайда емделу және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Асыраушысынан айырылған отбасыларға бюджеттен 25 541 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған,бұл асырауындағы бір бала үшін, ал асырауында алты және одан да көп бала болса 62 663 теңге беріледі.

Соңғы жаңалықтар