Табысы аз отбасылардағы балаларды мектепке дайындау мәселесі маңызды - Үкімет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қажет ресурстарды оқу жылының басталуына дайындыққа бағыттау керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір барлық ресурстарды оқу жылының басталуына дайындыққа бағыттау қажет. Оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындау мәселесі маңызды. Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді», - деді Е.Тоғжанов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, әкімдіктер балаларды мектепке дайындау үшін отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету, мектептердің дайындығын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.

«Білім басқармасының басшыларына тиісті шараларды қабылдауды және оқу жылының басталуына толық дайындықты қамтамасыз етуді тағы да тапсырамын», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие беру тұжырымдамасы әзірленеді.


Соңғы жаңалықтар