+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Табылды Досымовтың ұстазы «Еңбек жолы» байқауында жүлделі болды

2019 жылғы 4 желтоқсан 18:38
Бөлісіңіз:
Табылды Досымовтың ұстазы «Еңбек жолы» байқауында жүлделі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтың бард ақыны Табылды Досымовтың ұстазы Ғайни Ғабдуллина республикалық «Еңбек жолы» байқауында атыраулық Жұмағалиевтар отбасының атынан жүлделі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, елордада әулеттер мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткен болатын. Байқауда «Үздік еңбек әулеті» номинациясында атыраулық Жұмағалиевтердің ұстаздар әулеті үшінші орынға ие болған еді.

«Білім ордасында мұғалім болдым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, шәкірттерімнің бірқатары зор жетістіктерге жетті. Қазақтың бард ақыны Табылды Досымов менің шәкіртім болған. Марқұм ерте кетті. Еңбегімізді бағалап жатқан ел басшылығына зор алғысымды айтқым келеді», - деді Ғайни Ғабдуллина марапаттау рәсімінде.

Айта кетсек, отандастарымызды кәсіби жетістіктерге ынталандыру және жаңа еңбек династияларын қалыптастыру мақсатында биыл министрлік сыйлықтардың санын көбейту туралы шешім қабылдап отыр. Өткен жылдары сыйлықтар тек номинациялар бойынша берілген болса, биылдан бастап жеңімпаздар – 1, 2 және 3 орын үшін марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT