Табиғи монополияны реттеу агенттігі тұтынушыларға 851 млн. теңгеден астам соманы қайтартты - Н. Алдабергенов

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Жыл басынан бері Табиғи монополияны реттеу агенттігі тұтынушыларға 851 млн. теңгеден астам соманы қайтартты.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні агенттік тарапынан жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылардың мүдделерін қорғауға баса назар аударылып отыр. Бұл ретте сыртқы ауа температурасының өзгеруі нәтижесінде жылу энергиясына жасалған төлемақыны қайта есептеу шаралары жүргізіліп келеді. Мәселен, ағымдағы жылы табиғи монополия субъектілерінен 851 млн. теңгеден асатын соманы тұтынушыларға қайтару оң шешімін тапты. Оның ішінде бұл  Астана қаласында - 308 млн. теңге (ағымдағы төлемдердің сомаларын ай сайын қайта түзету есебінен), Алматы қаласында - 260 млн, теңге, Шығыс Қазақстан облысында -  30,6 млн. теңге, Жамбыл облысында - 16,4 млн. теңге, Қызылорда облысында  16 млн. теңге құрап отыр», деді Н. Алдабергенов.

Соңғы жаңалықтар