Табиғи монополияны реттеу агенттігі нормативтік ысыраптарды 5 жыл бойы жылына 1-2 пайыздан төмендетуді көздейді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Нормативтік ысыраптарды алдағы 5 жыл бойы жылына 1-2 пайыздан төмендету көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы бүгінгі күні еліміздегі кәсіпорындар қызметінде нормативтен тыс ысыраптардың орын алуына байланысты жағымсыз көрсеткіштер көтеріліп отыр. Ал ондай ысыраптардың орын алуы негізінен жабдықтардың тозуынан, оларды тиімсіз пайдаланудан туындайды. Сондықтан да елімізде электр, жылу желілерінде және сумен жабдықтау желілерінде нормативтік ысыраптардың деңгейін төмендету күтіледі. Бұл ретте нормативтік ысыраптарды алдағы 5 жыл бойынша жыл сайын 1-2 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз», деді Н. Алдабергенов.

Төрағаның айтуынша, электр және жылу энергиясының нормативтен тыс ысыраптарын төмендету әлеуеті 3 жыл ішінде 5 млрд. теңгені құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар