Табиғи монополияларды реттеу агенттігі суға сараланған тариф енгізуге дайын

None
None
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі суға қатысты сараланған тариф енгізуге дайын.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заң жобасы талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, суды пайдалануға қатысты осы заң жобасын 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап күшіне енгізу көзделеді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтың айтуынша, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерін баға арқылы реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасы бірқатар міндеттерді жүзеге асыруды көздеп отыр.

 «Мәселен, бұл ретте ең алдымен суды тұтыну көлеміне қарай онымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізу қарастырылады. Сонымен бірге, энергияны әрі суды үнемдеп пайдалануды ынталандыру үшін заң жобасы су арналарының реттеліп көрсететін қызметтерді тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер ұсынылмақ. Ол бойынша тұтынушылардың осы тарифтер бойынша алған қызметтерге уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеу міндеттері де енгізіледі. Яғни, суға сараланған тарифтерді енгізу идеологиясы белгіленген норма шегінде тұтынылатын суға неғұрлым төмен тарифтерді енгізу, ал су ресурстарын ысырапсыз, үнемсіз пайдаланған кезде бұндай тарифтерді арттырып белгілеу қарастырылады», деді Н. Алдабергенов.

 Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда суға қатысты тарифтер әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда төменгі көрсеткіште екен. Дегенмен де, Агенттік төрағасы кей жағдайда суды пайдалануға қатысты белгіленген норма мен нақты пайдалану көрсеткіштері арасында айырмашылықтың әжептәуір болатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар