Табиғи монополиялар комитеті: Түркістан облысында газ тарифі арзандады
«Газдың түпкілікті тарифінде екі мемлекеттік мекеме рөл атқарады. Біріншісі – Энергетика министрлігі. Олар бекітетін көтерме тариф түпкілікті тарифтің 70-80 пайызын қалыптастырады. Екінші тараптан тасымалдау құны мен тарифін біз қараймыз. Бұл түпкілікті тарифтің 20-30 пайызын алады. Бірінші шілдеден бастап тариф көтерілді. Себебі жалпы Қазақстан бойынша 6 пайызға көтерілсе, Шымкент пен Түркістан облысында тариф өскен жоқ. Керісінше 1 пайызға түсті деуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Ерболат Ыбырайхановтың сөзіне қарағанда, 2018 жылы аталған өңірде тариф 34,5 теңге болса, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тариф 31,6 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ, ол Өзбекстаннан келетін газдың тарифке әсері туралы пікір білдірді.
«Өзбекстаннан келетін газ туралы айтсақ, біздегі мәлімет бойынша ол жақтан келетін газдың мөлшері болар-болмас қана. Көп бөлігі Батыс өңірлерден келеді», - деді комитет басшысы.