+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Табиғатты қорғаушы инспекторлардың құзіреті кеңейді

2019 жылғы 5 қараша 20:11
Бөлісіңіз:
Табиғатты қорғаушы инспекторлардың құзіреті кеңейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Табиғатты қорғау инспекторлары құқық бүзушыларды ұстап, қылмысты тіркей алады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ атып, өлтірмек болды

Жаңа өзгерістер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңында көрсетілген.

«Біздің мемлекеттік инспекторларға шабуыл жасалғаны туралы соңғы оқиғалардан кейін инспекторлардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін шара қабылдауға тура келді. Ол үшін инспекторлардың немесе жақындарының өміріне қастандық немесе зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік инспекторлардың қызметтік автокөліктеріне арнайы дауыс зорайтқыш құралы мен арнайы дабылдар орнатылады.

«2012 жылдың 24 мамырындағы Үкіметтің № 670 Қаулысымен реттелетін қызметтік қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртібін де қайта қарап жатырмыз. Онда инспектор өзіне оқ атылған жағдайда ғана қару қолдануға құқылы. Заң арқылы Орман кодексіне, «Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жануарлар әлемін қорғау, пайдалану туралы» заңдарға ведомствоға уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерін қадағалау функциясы жөнінде өкілеттік беру туралы түзетулер енгізілді», - деді Ерлан Нысанбаев.

Қадағалау функциясының болуы инспекторларға жеке және заңды тұлғалардың заңға қайшы әрекетіне жедел жауап қатуға (тоқтату, құжат тексеру, ұстау, аулау құралдарын, қару-жарақты тәркілеу) жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ауланған аң-құс пен балық та тәркіленеді. Бұл шаралар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT