Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы екі есе өседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап орман және табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 % мөлшерде қосымша ақы тағайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Естеріңізге сала кетейік, жалақы көтеру мәселесі адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыскерлерге, яғни мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына тағайындалған болатын», - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, ведомство орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілері мен кәсіподақтарының өкілдерімен бірлесіп, 2025 жылға дейін қосалқы персонал мен табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысын 2 есеге ұлғайту бойынша шешім қабылдады (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70%-ға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85%-ға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100%-ға).

Осылайша қаржы, ұйымдастыру және өндірістік-шаруашылық бөлімдері қызметкерлерінің, жүргізушілердің, трактористердің, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды тазалаушылардың және орманды қалпына келтіру, орман қорғау және орман шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын уақытша және маусымдық жұмысшылардың жалақылары өспек.


Соңғы жаңалықтар