ТАБИҒАТ: Өмір үшін арпалысқан тоқылдақ аққалақты арқалап ұшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон қаласының Хорнчерч (Hornchurch) саябағында әуесқой фотограф Мартин Ле-Мэй (Martin Le-May) аққалақтың тоқылдаққа мініп ұшқан сәтін суретке түсіріп алды, деп жазады Лента. ру.

Орнитолог ғалым Джейсон Уордтың (Jason Ward) Твиттердегі парақшасында алғаш рет жариялаған фотосурет бір тәулікке жетер жетпес уақытта 6,5 мыңға жуық рет ретвит жасалады. Фото 5 мың рет таңдаулы сурет ретінде жарияланды. Фотода аққалақ тоқылдақтың арқасына мініп, ұшып бара жатқандай көрінеді. «Business Insider» жариялаған келесі суреттерде құс пен аққалақтың жерге құлап, өмір үшін арпаласып жатқаны бейнеленген. Ле-Мэй-дің айтуынша, аққалақтың тоқылдаққа мініп ұшқысы келгендіктен емес, оны жеп қойғысы келіп, жармасып алған. Ал тоқылдақ қорғану үшін әуеге көтерілген. Қалай болғанда да хайуанаттар әлемінің бұл тосын қылығы адамдардың таңданысын туғызып, қызығушылығын арттырды.

Соңғы жаңалықтар