Т. Жүргеновтің 125 жылдығына арналған байқау: Үздік комедиялық койылымдар анықталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай Көкшетауда өткен «Сәлем» халықаралық комедиялық қойылымдар байқауы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, театр ұжымдары келесі аталымдар бойынша марапатталды:

«Үздік дебют» - Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры», «Пранк-Махаббат» комедиясындағы Қымбат рөлі үшін – Лаззат Қуанышова.

Авторы: Қанат Жүнісов.

Режиссері: Дәурен Серғазин.

«Үздік сценография» - Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери «Тұран» театры.

«Тилло табассумлар» комедиясы.

Авторы: Абдуллы Кадырий

Қойылым режиссері: Мелиев Сайфиддин Сайриддинович.

«Үздік актерлық ансамбль» - Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры.

«Сұлтанның аты сұлтан» комедиясы.

Авторы: Саадала Ваннус

Қойылым режиссері: Барзу Абдураззаков;

«Үздік эпизодтық роль» - Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік академиялық театры, «Алда жаш жубайлар, ай» комедиясы, Лазаттың элеси рөлі үшін –Арген Карагулов.

Авторы: Мухамедкалый Касенов.

Қойылым режиссері: Эркин Эгембердиев.

«Үздік музыкалық безендіру» - «Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театры».

«Айман-Шолпан» комедиясы.

Авторы: Мұхтар Әуезов

Қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы

«Үздік әйел бейнесі» -Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры, «Турандот ханшайым» комедиясындағы Турандот рөлі үшін –Гүлзада Айтбаева.

Авторы: Карло Гоцци

Қоюшы режиссері: Қуандық Қасымов.

«Үздік режиссерлік шешім» - Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры.

«Венециялық егіздер» комедиясы

Авторы: Карло Гольдони.

Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

«Үздік ер адам бейнесі» - Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры.

«Қазақы комедия» комедиясы.

Авторы және қоюшы режиссері: Болат Ұзақов

«Үздік комедиялық қойылым» - «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры.

«Чарли Чаплин» трагикомедиясы.

Авторы және қоюшы режиссері: Николай Балобан.

Айта кетсек, осы күндері Көкшетауда халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар