Т. Шарманов: Қазақстан медицина саласында Ресейді басып озуда
АЛМАТЫ. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Қазір Қазақстан медицина саласында әлемдік озық тәжірибені тікелей қабылдай алатын жағдайға жетті.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Денсаулық баршаға: Созылмалы сырқаттар. Мәселелер. Шешу жолдары» тақырыбындағы ІІ Халықаралық конгресте сөз болды.
«Бұрын мамандарды дайындау жүйесі мықты еді, қазір нашарлап кетті деген пікірмен келіспеймін. Жалпы, барлық уақытта аға ұрпақтың кейінгі толқынға көңілі толмауы қалыпты құбылыс. Қазір медицина мектебі ұтқырланып, қатты өзгерді. Ол сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталуда. Қазір медициналық көмек қауіпсіз және жоғары сапалы деңгейге көтерілуде. Қазақстан бұл бағытта Ресейді басып озуда», - деді ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы Төрегелді Шарманов.
Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясы президентінің айтуынша, кеңестік дәуірден қалған Ресейден үйрену, үлгі алу керек деген ескі көзқарастан арылатын кез келді. Қазақстан әлемдік ықпалдастыққа жылдам бейімделуде. Медициналық кейбір қызмет түрлерін ұсынуда Қазақстанның қос бірдей денсаулық сақтау мекемесі бүгінгі таңда әлемдегі ең озық деп мойындалуда. Олар - Назарбаев Университетінің Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Республикалық нейрохирургия ұлттық ғылыми орталығы. Мұндай мәртебеге ТМД-да бұған дейін бірде-бір ел ие болған жоқ.
- Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
- Алғыс айту күні: Алматыда «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті
- Зарема Шаукенова ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы: Президент проблеманы ашық айтты
- Алматылықтар жолдағы шұңқырларға қатысты шағымданып жатыр
-
Биыл алматылық 1238 әйел сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады
-
Алматылықтар көлікті тағы бір автоорталықта қайта рәсімдей алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам