Т. Мұсабаев: Байқоңырдағы мүліктің бәрі - Қазақстанның меншігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңырдағы мүліктің бәрі - Қазақстанның меншігі. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев осылай мәлімдеді.

«1994 жылғы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы келісімшартқа сәйкес Байқоңыр айлағы Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Яғни, Байқоңыр айлағындағының барлығы Қазақстанға тиесілі деген сөз. Дегенмен, біз оның бәрін Ресейге жылына 115 миллион долларға жалға беріп отырмыз», - деп түсіндірді агенттік басшысы. Сонымен қатар, келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2009 жылы Байқоңырдағы мүліктің барлығына есеп жүргізілген. Оның ішінде 4 мыңға тарта ғимарат, технологиялық жүйе мен қондырғылар, 100 шақырымды құрайтын желілер есепке алынып, бағаланған. Енді келісімшартқа сйекес, әрбір төрт жылда есеп жүргізіліп тұрады.

Бұған дейін хабарланғанындай, «Зенит-М» зымырандық кешеніндегі Ресейге жалға беруден шығарылатын нысандардың тізімі бекітілген. «Сонымен қатар, Ресей Федерациясы тарапынан «Бәйтерек» кешенін қазақстандық ұйымға берудің нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық құжаттары да әзірленген. «Зенит-М» старттық кешені нысандарын Ресей Федерациясына жалға беру құрамынан шығару және оны Қазақстан тарапына беру 2015 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр», - деді Т. Мұсабаев.

Соңғы жаңалықтар