Т.Дүйсенова ақтөбеліктерге ҚР-ның жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін бес институционалдық реформаны ақпараттық сүйемелдеу аясында Ақтөбе облысына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытында министр жаңа кәсіпорынның еңбек ұжымымен және оның әлеуметтік серіктестерімен кездесті. Мұнда мемлекеттік органдардың басшылары, ірі компаниялардың және кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, соның барысында министр Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді.

Одан кейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңсесінде облыстың бюджеттік саласы қызметкерлерінің кеңесі болып өтті.

Әңгіменің басты тақырыбы - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жүйесінің жаңа моделін енгізу, ол азаматтық қызметкерлердің білімі, кәсібилігі, атқарып отырған жұмыстардың қиындығы мен жауапкершілік деңгейіне байланысты төрт категорияға бөлінеді.

Күн соңында Т.Дүйсенова мен Б.Сапарбаев денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесіп, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары және «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2016-2019 жылғы жобасын талқылады.

Соңғы жаңалықтар