Сырымбет Бибосынов «Өнер барысы» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Өнер барысы" республикалық турнирінің ауыр салмақтағы бас жүлдесін Сырымбет Бибосынов жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтық сында "Өнер қырандарының" өнерпазы Сырымбет Бибосынов әнші Ардақ Байғабылмен күрескен болатын. 5 минутқа созылған белдесу барысында Сырымбет екі рет әдіс жасап, қарсыласынан басым түсті. Осылайша ол елімізде алғаш рет өткізілген "Өнер барысы" республикалық турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, "Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесі ауыр салмақта Еркебұлан Дайыровқа, ал жеңіл салмақта Абай Аязбаев бұйырғанын хабарлаған едік. Ал жеңіл салмақта Асылхан Төлепов "Өнер барысы" атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар