Сырым Итқұлов: Осы сайлаудың артықшылығы – өңірдің саяси үдерістердің белсенділігінің артуы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар нәтижелі өзгерісті қалайтынын таңдауы арқылы білдіріп, өздеріне тиесілі конституциялық құқықты жүзеге асыруға тиісті екенін ұқтырды. Медиаменеджер Сырым Итқұлов Telegram парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, экзит пул көрсеткіштері қазақстандықтардың электорат ретінде қалыптасып кеткен таңдауын басқа партиялар сайлау алдындағы белсенділігімен өзгерте алған сипатын көрсетеді.

«Нәтиже күткендегіден басқалай шықты, ол еліміздегі дауыс беру үрдісінің ақырын болса да даму бағытына бет алғанын білдіреді», - деді С.Итқұлов.
Оның айтуынша, жеті пайыздық межеге жеткен партиялар өңірдегі пощициясын нығайта түсіп, өңірдегі күн тәртіпті қалыптастыруға белсене қатысуы қатысуы тиіс.

«Мен белсенділігін бақылаған «Адал» партиясын алып қарасақ, осы сайлаудың артықшылығы – өңірлердегі жаңа тұлғалардың позициясын нығайтуы және өңірлердегі саяси үдерістердің белсенділігінің артуы екенін түсінеміз», - дейді С.Итқұлов.


Соңғы жаңалықтар