Сыртқы саясат тұжырымдамасы «Қазақстанның 2050 стратегиясын» жүзеге асыруға септігін тигізеді - Е. Ыдырысов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сыртқы саясат тұжырымдамасы «Қазақстанның 2050 стратегиясын» жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Бұл туралы Алматыда «Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы мен оны жүзеге асыру тапсырмалары» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.

«Сыртқы саясаттың негізгі бағыты «Қазақстанның 2050 стратегиясын» жүзеге асыруға мейлінше ыңғайлы жағдай туғызу. Сыртқы саясат белгілі бір мемлекеттің географиялық жағдайы мен мақсаттарына негізделеді», - деді Ерлан Ыдырысов.

Оның айтуынша, көпвекторлық, мүдделер мен географиялық жағдайдың ескерілуі сынды бағыттар сыртқы саясатты жүргізуде негізгі басымдыққа ие.

«Біз теңізге шыға алмайтын мемлекеттің біріміз. Сондықтан, көпвекторлық, мүдделер мен географиялық жағдайдың ескерілуі сынды бағыттар негізгі басымдыққа ие болып қала береді. Бұл тәжірибе еліміздің сыртқы саясатының тарихында бірнеше жылдар бойы өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді», - деді ҚР СІМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар