+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы парамен ұсталды

2018 жылғы 13 маусым 16:27
Бөлісіңіз:
Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы шенеунікті ірі парамен ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкереледі. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, ол министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары Сәкенованың, Нұрекеновтың, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып жүрген. Сол үшін Қарашев олардан 10 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған. Өз кезегінде Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова қылмыстық сxеманы ұйымдастыра отырып, министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасағаны және оларды кедергісіз қабылдағаны үшін кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам пара алған", - деді агенттіктің ресми өкілі Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде алты адам қылмыстық жазаға тартылып отыр. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды. Ал Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT