Сыртқы істер министрлігі заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты Өзбекстанға үндеу жолдады
2022 жылғы 24 мамыр 13:53

Сыртқы істер министрлігі заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты Өзбекстанға үндеу жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстандағы қазақстандық туристердің оқиғасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Самарқан қаласының полицейлері қазақстандық туристерді заңсыз ұстап, арнайы техникалық құралдар қолданғаны хабарланған еді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз», - деді Айбек Смадияров Үкіметте тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі де видеоны арнайы қарап шыққан.

«Әлеуметтік желілерде тараған Өзбекстан полицейлері біздің азаматтарға электрошокер қолданған видеоны көрсеңіздер, комментарийде өзбек халқының өзі құқық қорғау органдарының әрекетін айыптап жатыр. Дегенмен, біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ол жақта ішкі тергеу басталды, полицейлер қызметінен шеттетілді. Біз бұған араласпауға тырысамыз және азаматтарымызды қорғау мәселесіне қатысты тұсын ғана қадағалаймыз», - деп түйіндеді Айбек Смадияров.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT