Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының газ одағын құру ұсынысына пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Ресей тарапының газ одағын құру ұсынысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - Ресей тарапының ауызша ғана ұсынысы. Ол рәсімделген күйінде келіп түскен жоқ. Мұндай жағдайда барлығын одақ сөзі алаңдататын сияқты. Біз бұл құрылымнан қандай да бір ұлтүстілік органды немесе қандай да бір интеграциялық институтты көріп отырғанымыз жоқ. Оны газ жеткізу бойынша газ нарығын интеграциялау бойынша коммерциялық ұсыныс ретінде ғана бағалаймыз. Бірақ, әзірше ешқандай ұсыныс алған жоқпыз. Бұл ұсынысты экономикалық тиімділігіне қарай және егер біздің мүддемізге сай болса ғана қарастырамыз. Аталған ұсыныстан қандай да саяси астар іздеудің қажеті жоқ», - деді министр орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Фото: trend.az
Соңғы жаңалықтар