Сыртқы істер министрлігі Париждегі отандастарымызды абай болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі наразылық акциясына орай Қазақстан сыртқы істер министрлігі аталмыш қаладағы қазақстандықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы ведомствоның Телеграм-парақшасында жазылды.

«Париждегі наразылық толқуынан туындаған тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстан елшілігі Франциядағы отандастарымызға үндеу жолдады. Онда елшілік халықты барынша абай болып, жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Сондай-ақ, адам көп жиналған жерлерден аулақ жүріп, аса қатты мұқтаждық болмаса, мүмкіндігінше қауіпсіз жерден шықпай, құқық қорғау органдарының талаптарын сақтау жөнінде кеңес береді. Бүгінде +33145615200 телефоны бойынша жедел желі іске қосылған» делінген хабарламада.

Елшіліктің мәліметінше, қазіргі таңда зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ.

Айта кету керек, Парижде 5,5 мыңнан астам адам автокөлік отыны бағасының көтерілуіне байланысты наразылық акциясына шығып, оның соңы бейберекет тәртіпсіздіктерге ұласқан-ды. Бүгінгі таңда 107 адам қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар