Сыртқы істер министрлігі Киевтегі көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігі Киевтегі көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің елшілік қызметкерінің қатысуымен Киевте орын алған жол-көлік оқиғасы фактісін растаймыз және оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, соның нәтижесі бойынша оған тәртіптік жаза қолданылатынын хабарлаймыз. Қазақстан Елшілігі бұл мәселе бойынша Украинаның Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста. Біз украин тарапынан жол ережелерін бұзу туралы хаттаманы күтудеміз», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар