Сыртқы істер министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
2021 жылғы 21 желтоқсан 19:21

Сыртқы істер министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Амангелді Ғазезұлы Саинов СІМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелді Саинов 1975 жылы 6 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.

1997-2002 жылдары «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниядағы аудитордың көмекшісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары;

2002 жылы Қазақстан Республикасы СІМ Валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы;

2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы елшілігінің аға бухгалтері;

2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы, басшысы;

2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры;

2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі;

2021 жылғы ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры;

2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы.


Jańalyqtar

MURAǴAT