Сырқатқа шалдыққан балалар Данэлия Төлешовамен бірге спектакльде ойнайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда онкологиялық және гематологиялық сырқаттармен ауырған балалар қайырымдылық музыкалық спектаклін қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Музыканың арғы бетінде» атты қайырымдылық музыкалық ертегі спектаклі көрермен назарына М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ұсынылады. Балаларға қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова көмектесуде. Ол қойылымдағы рөлдердің бірі - әнші қыз Жаннаны сомдайды.

Музыкалық ертегі мейірімділік пен қатыгездік және сиқырлы кілттер туралы. Басты рөлдегі кейіпкер қыз музыка әлемімен, танымал композиторлармен және әнді сүйетін Жанна есімді қызбен танысады. Олар бас кейіпкерге Жалғандық мыстанын жеңуге көмектеседі.

Музыкалық сүйемелдеуді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі жасайды. Дирижжер - Ерболат Ахмедьяров, ертегінің авторы және композиторы - Юлия Лебедева.

Спектакльдің қойылымын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ұлттық-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттердің сатылымынан түскен қаражат онкологиялық, гематологиялық және өзге де ауыр сырқаттардан ем қабылдап жатқан балаларға берілетін болады.

Билеттердің құны 1-4 мың теңге аралығында. Оларды ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Өтетін уақыты 26 мамыр сағат 15.00-де және 19.00-де.

Толық ақпаратты www.music.nmo.kz сайтынан немесе 8 (727) 293-5222 телефон номері арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар