Сырдарияға батып кеткен екі баланың мәйіті табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 10 және 13 жасар екі баланың мәйіттері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 тамыз күні кешкі уақытта болған еді. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген жерде шомылған.

«Сырдария ауданы, Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында суға батып кеткен екі баланы іздестіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қатысып, 2 техника тартылды. Кеше іздестіру жұмыстары нәтижесіз болды. Бүгін таңертеңгі уақытта екі бала да оқиға орнынан 70-75 метр қашықтықта су астынан табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Қызылорда облысында жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 27 оқиға тіркеліп, 30 адам қаза болды. Оның 11-і бала.


Соңғы жаңалықтар