Сырдария жағасында қарасора өсірген қызылордалық ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сырдария жағасына қарасора өсірген қызылордалық ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдік өсірген тұрғынды ұстады. 51 жастағы азамат Жаңақорған ауданының аумағында, Сырдария өзенінің жағалауында қарасора өсірген. Айта кетерлігі, арнайы өсірілген 90 түп қарасораның биіктігі 2 метрге жеткен», - деді Ақтоты Боранова ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар оның дерегінше, Шиелі ауданының Жуантөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде шеңгел мен сексеуілдің арасынан марихуана өсірілген тағы бір алаң табылған.

«Полиция қызметкерлері өсімдікті сырт көзден барынша тасалап өсірген 37 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдікті марихуана алқабына қарай баратын жолда көліктердің дөңгелегін тесу үшін металл бүртабандар шашып тастаған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар