Сырдария университеті Тәшеновтің есімімен аталады әрі Шымкентке көшіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет және тиісті министрлік қолдауымен Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді. Бұған қоса оқу орны Шымкент қаласына көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, бүгінге дейін Түркістан облысында орналасқан Тәшенов университеті енді Шымкенттегі Кемел Тоқаев көшесінен орын тебуі мүмкін.

«1998 жылы Жетісай қаласында ашылған Сырдария университеті бүгінде тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Осыған байланысты оқу орнына жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің атын беру ұсынылып, ол бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, Үкімет және Ғылым және жоғары білім министрлігіне университетті Шымкент қаласына көшіру туралы ұсыныс жолданды.

Енді Ж.Тәшенев атындағы университет жаңа оқу жылын үшінші мегаполис төрінде бастамақ», - деді университет ректоры Қанат Байболов.

Қазіргі таңда университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша - 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандық иелерін оқытады.

Қанат Байболовтың дерегінше, оқу орнында 850 студентке арналған 4 жатақхана бар.



Соңғы жаңалықтар