+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Сырдария суы төмендеп келеді - ТЖК

2020 жылғы 14 қаңтар 17:50
Бөлісіңіз:
Сырдария суы төмендеп  келеді - ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сырдария өзенінің суы төмендеп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сырдария өзені гидрологиялық бекетінің Қараұзақ бекетіндегі судың нақты деңгейі 695 см-ді құрайды. 13 қаңтар күнгі сағат 18-ден бастап су деңгейі 2 см-ге төмендеді. Бұл орайда айта кетерлігі, қауіпті белгі 665 см, ал қатерлі белгі 770 см саналады. Таяу жатқан Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 300 метр», - деді ол.

Оның айтуынша, Сырдария-Жосалы бекетіндегі судың нақты деңгейі 678 см болып тұр. Ал қауіпті белгі - 680, қатерлі белгі - 720 см. Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 200 метр.

«Сырдария-Қазалы бекетінде судың нақты деңгейі - 639 см. 13 қаңтар күні сағат 18-ден бастап судың деңгейі 4 см төмендеді. Бұл ретте, қауіпті белгі 640 см, қатерлі белгі 749 см құрайды. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық 1 шақырым»,- деді Барат Дұзақбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT