Сырдария өзеніне батып кеткен екі жігіттің денесі судан шығарылды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сырдария өзеніне батып кеткен екі жігіттің денесі түнде судан шығарылды.

«Мамырдың 14-і күні таңғы сағат 03:20 минутта суда құтқару қызметі мамандарының күшімен азаматтардың денесі судан шығарылды», делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін мамырдың 10-і күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Жаңақорған ауылының 2 тұрғыны Сырдария өзеніне батып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 21 және 22 жастағы азаматтарды іздестіруге суда құтқару қызметінің мамандары жұмылдырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар