Сырдария өзенінде су деңгейі біршама көтерілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райы құбылып тұр. Ауа райының тұрақсыздығы салдарынан Сырдария өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні «Шардара» су қоймасында 3 млрд 616 млн текше метр су бар. Арал-Сырдария бассейндік инспекция дерегі бойынша, одан төменгі бөлікке 857 текше метр су босатылып жатыр. Аталмыш судың 400 текше метрі жолай «Көксарай» су реттегішіне жіберіледі.

Мамандардың айтуынша, су реттегішінде 470 млн текше метрден астам су жиналған. Осы күндері Қызылорда су торабына 450 текше метр су келіп жатыр.

«Ауа райының құбылмалы және тұрақсыз болуы дария деңгейіне де әсер етіп отыр. Қазір дариядағы су деңгейі біршама көтерілді. Осы уақытта ол 704 сантиметрді құрайды. Егер ол деңгей 740 сантиметрге көтерілсе, жайылымдық жерлерді су шаюы ықтимал», - деді «Қазгидромет» филиалының директоры Жұлдыз Қалымбетова.

Бұдан бұрын Қызылордада дария қаупі сейіле қоймағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Сырдария өзенінің Қызылордаға жақын тұсында мұз жүргенін хабарланды.

Қызылорда тұсында Сырдария суы бөгетті бұзып кетті.





Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар