Сырдария бойындағы елді мекендерді су басу қатері жоқ - В. Божко

None
None
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Сырдария бойындағы елді мекендерді су басу қатері жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Бүгінде Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Атап айтқанда, «Көксарай» су тоспасы су тасқынының алдын алу режімінде жұмыс істеп жатыр»,-деді министр.

Оның сөзінше, 20 наурыздағы жағдай бойынша онда 2 млрд. 916 млн. текше метр су жинақталды.

Соңғы жаңалықтар