Сырдария ауданында 42 отбасы баспаналы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында 42 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды.

Жаңа пәтердің кілті 42 жанұяға - олардың қатарында бюджеттік сала қызметкерлеріне, баспанасы апатты жағдайда деп танылған отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына және Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа табысталды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі көпқабатты екі үйдің ашылу салтанатына қатысты.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бүгін Сырдария ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 42 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді. Бұл - тұрғын үй кезегінде тұрып, бүгін пәтерлі болу бақытына ие болған әрбір отбасы үшін зор қуаныш», - деді аймақ басшысы.                         

Тұрғынүйдің ашылу салтанатында пәтер алушы тұрғындар баспана мәселесін шешіп бергені үшін аймақ басшысына алғыстарын білдірді.
null 

"2009 жылдан бастап тұрғынүйге кезекте тұрмын. Көп жыл бойы үш баламмен жалдамалы пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік, бүгін көптен күткен жалға берілетін тұрғынүйге қол жеткіздік, енді тек коммуналдық қызмет ақысын төлейтін боламыз. Кең үш бөлмелі пәтерге ие болғанымызға өте қуаныштымыз, облыс басшылығына алғыс айтамын", - деді Әлия Әбдіхалықова.

"Мен бүгін жаңа пәтер алғаныма қуаныштымын, бүкіл жанұяның атынан алғысымды білдіремін. Бұған дейін біз апатты үйде тұрған едік, сондықтан біздің қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын", - деді Гүлсара Бершімбаева.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүргізілуде. 55-і биыл іске қосылады, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғынүйден құралатын тұтас шағын мөлтек ауданды  пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өңірде 2013-2018 жылдары 2,6 млн.м2  тұрғынүй пайдалануға берілді, ал соңғы 2 жылда мемлекеттік қаражат және жеке мердігерлердің есебінен 500 мың шаршы метр тұрғынүй салынған.  

Соңғы жаңалықтар