Сырбойылық жастар да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда

None
None
   ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат  -  Қызылордалық жастар Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге кірісті. 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелер басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс жасауда,деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

   Сыр жастарының жариялаған үндеуіне сәйкес аймақтағы кәсіпкерлер мен жомарт жандар белсенділік танытып отыр.  

  Олар азық-түлік, жылы киім жəне басқа тұрмыстық қажеттіліктерді тапсырды. Көмек қабылдау 24 сəуірге дейін жалғасады. Сонан соң Ақтөбе облысына жөнелтілетін болады.

Соңғы жаңалықтар