Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

«Сырбар» ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылатын болды

2019 жылғы 17 маусым 20:22 725
Бөлісіңіз:
«Сырбар» ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

***
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының                            
5) тармақшасына, «Қазақстан  Республикасының  Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әpі - Қызмет) құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын бекітуге ұсынсын;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13,  116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» деген жол алып тасталсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының
             Президенті                                                                            Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  17 маусым

 

                      № 23

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT