+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сыр өңіріндегі шыны зауыты биыл аяқталмақ

2020 жылғы 29 маусым 18:08
Бөлісіңіз:
Сыр өңіріндегі шыны зауыты биыл аяқталмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов Қызылорда облысындағы құрылысы ұзаққа созылып кеткен шыны зауытының құрылысы қашан аяқталатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды Тель-Авивте экономикалық ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселесі талқыланды

«Шынымен де, бұл жоба өте күрделі және ұзаққа созылып кетті. Ол 2015 жылы қолға алынған болатын. Зауыт 2 жылдың ішінде салынып бітуі тиіс болғанымен құрылыс жұмыстары 2020 жылға дейін созылып кетті. 2018 жылы Қытайдың «China Triumph International Engineering» компаниясымен тиісті келісімге қол қойдық. Бұл мұндай зауыттар салу бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады. Бастапқыда 2019 жылы, 2020 жылдың шілдесі сынды мерзімдер белгіленген еді. Дегенмен, коронавирус індетіне байланысты қытайлық көптеген маман монтаж жұмыстары үшін Қазақстанға келе алмады. Сондықтан құрлыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына белгіленген», - деді ол онлайн-конференция барысында.

Оның дерегінше, бүгінгі күні зауыт құрылысының 80 пайызы ақяталған.

«Серіктестерімізбен бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Індеттің аяқталуына байланысты зауыт та жылдың соңында пайдалануға беріледі деп үміттенемін», - деді Айдар Әріпханов.

Айта кетсек, жалпы құны 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба Қызылорда облысының индустриялық аймағында жүзеге асырылып жатыр. Өнім өндіруге қажетті шикізат толықтай жергілікті Сарышоқы кен орнынан жеткізіледі. Қосымша қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан тасымалданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT