Сыр өңірінде ескерткіштердің интерактивті картасы жасалады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде ескерткіштердің интерактивті картасын әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоба тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3 D форматтағы интерактивті картасы ескерткіштерді қорғау мекемесінің ресми сайтында орналастырылады. Қолданушыларға да қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, «Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы да 1 қарашаға дейін толық жүзеге асырылады. Кезең-кезеңімен 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылады.

«Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда. Оның алғашқысы - «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3 D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» жобасы. Ол бойынша жұмыстар мамыр айында басталды. Қазіргі таңда далалық зерттеу, сандық форматтағы ескерткіштердің түсірілімі, картографиялық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба осы жылдың 1 қарашасында аяқталмақшы», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Айта кету керек, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінде облыс кітапханаларында 5359 кітап (1 289 377 бет) цифрлы форматқа көшірілсе, «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 932026 сақтау бірлігінің 10108 парағы сандық жүйеге енгізілді. Архив құжаттарының 92040 сақтау бірлігінің 12 млн. 189 мың 633 парағы цифрлық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды. 

 

Соңғы жаңалықтар