Сыр елінен Астанаға 90 тонна күріш жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 380 тоннаға жуық өнім түрлері жеткізілді.

Оның ішінде: күріш - 90 тонна, жылқы, сиыр, қой еті - 15 тонна, сүт өнімдері - 6 тонна, ара балы, балық - 15 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ - 50 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік - 4 тонна, сөк, талқан, ас тұзы - 1 тонна, бақша дақылдары (қауын, қарбыз, асқабақ) 120 тонна, т.б. өнімдер ұсынылды.
null null 

«Жыл сайынғы дәстүрге айналған жәрмеңкеге Сыр елінен 400 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелдік. Ерекше айтып кететін сәт бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы әсіресе соңғы 5 жылда жоғары көрсеткіштерді көрсетуде.

Облыстың ішкі жалпы өнімінің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға артты, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 22,8 есеге өсті. Одан бөлек Сыр елі күріштің елі екенін бәрі біледі. Осы тұрғыда айрықша айтып өткен жөн, 2017 жылы облыстың күрішшілері 500 мың тонна күріш жинап кезекті рекорд жасады», - деді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Басқарма басшысының айтуынша облыс қазір негізінен картоп, көкөніс, бақша өндірісін дамытуды қолға алуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Қызылорда қаласында испандық технология бойынша автоматтандырылған жылыжай кешенінің құрылысы іске қосылады. Бұдан бөлек, 20 жылыжай салу жоспарда бар. null

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы өңірдегі агроөнеркәсіп жағдайы мен сол салаға тартылатын инвестиция мәселесіне де тоқталды.

«Үстіміздегі жылы Жолдауда Президент аграрлықтардың алдына 2 стратегиялық мақсат қойды: еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өңделген өнімдердің экспортын арттыру. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін облыстың «Агрокартасын» жүзеге асырудың 2018-2022 жылдарға арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіттік. Жалпы, осы іс-шаралар жоспары шеңберінде ағымдағы жылы жалпы алғанда құны 7,0 млрд. теңгеден астам 10 инвестициялық жобаны іске асыру басталады», - деді Б.Жаханов.

Елорданың 20 жылдығына арналған жәрмеңке аясында халық арасында өнімдердің дәмін татып көру шарасы мен мерекелік концерт ұйымдастырылуда.

 null null  null   null null null null null 

Соңғы жаңалықтар