Сыр еліне дәрі-дәрмек көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде медициналық мекемелер мен дәріханалар желісін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатылып, Өзбекстаннан 150 млн теңге шамасында дәрілік зат әкелуге келісімшарт жасалуда. Ресей және Катар елінен келген дәрі-дәрмек жуық арада ауруханаларға және қала мен аудан орталықтарындағы дәріханаларға жеткізіледі.

Облыс төңірегінде ашылған инфекциялық және провизорлық стационарларға қажетті дәрілік заттар «СК-Фармация» тарапынан берілген өтінімге сәйкес жеткізіліп жатыр.

Амбулаторлық жағдайдағы дәрілік заттарға аурудың көбеюіне байланысты барлық емханалар қосымша өтінім берді. Аталған дәрі-дәрмек (ҚР ДСМ бекітілген емдеу және диагностикалау хаттамаларына сәйкес антибиотиктер) амбулаториялық жағдайда нақтыланған пневмония диагнозы қойылған науқастарға тегін беріледі.


Соңғы жаңалықтар