Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушы неге үйден оқымады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Психологиялық және іс-әрекеттегі ауытқулар үйден оқу қарастырылған аурулар тізіміне енгізілген (ҚР ДСМ-34 бұйрығы). Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, оқушының ата-анасы білім мекемесіне дәрігерлік-консултациялық комиссияның қорытындысын ұсынбаған», - деп жазылған ҚазАқпараттың сауалына жолданған жауапта.

Сондай-ақ, министрлік мамандары «Білім туралы» ҚР Заңында әрбір адам зияткерлік дамуына, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің бүкіл деңгейіне қол жеткізуге құқылы екенін еске салады.

Жауапта баланың ауруы бар-жоғы анықталған кезде оны үйде оқытуға дәрігерлік-консультативтік комиссия (ДКК) жіберетіні, бұл норма «Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №34 бұйрығында көзделгені айтылған.

Еске салсақ, ақпан айында Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған еді.


Соңғы жаңалықтар