Сыңғырлы саздың сандуғашы - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Тарихтан сыр шертетін Тарбағатайдағы қызыл үй - «Тарбағатай ақпарат» сайты

Қытайдың қазақтар қоныстанған Тарбағатай аймағында өткеннің өшпес белгісіндей, тарихтан сыр шертетін «Тарбағатай қызыл үй мұражайы» деп аталатын ерекше тарихи- мәдени кешен бар, деп жазады kztcxw.cc сайты.

null 

Аталған ақпарат құралының жазуынша, «Тарбағатай қызыл үй мұражайы» кешені Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласында орналасқан. Бұл нысан Шәуешек қаласындағы ғасырдан астам тарихы бар ерекше құрылыс саналады. Аталған кешен Қытайда Цин патшалығы (манчжур) тізгін ұстап тұрған 1910 жылы бастап салынып, 1914  жылы пайдалануға берілген. Құрылысты Ресейдің Қазан қаласынан келген татар саудагері Рамазан Чанышев салдырған. «Тарбағатай қызыл үйі» мен оның ішкі ауласының жалпы аумағы - 3916.6 шаршы метр, негізгі құрылыс аумағы 1068.54 шаршы метр болған.

«Тарбағатай қызыл үйінің» жазықтық сызбасы «L» әрпі формасында болып, жиыны 16 бөлмеден тұрады. Нысанның төбесі жасыл түсті қаңылтырмен қапталған, қабырғасы күйдірілген қызыл кірпішпен қаланып, қызыл түспен боялғандықтан қызыл үй деп аталған. «Тарбағатай қызыл үйі» 2006 жылы Қытай Халық Республикасының мемлекеттік деңгейде қорғайтын маңызды мәдени мұрасы болып танылған. Қазіргі күні тарихи кешеннің іші музейге айналып, онда 7900 түрлі мәдени мұра қойылған. Тарбағатайдың мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін нысанда осынау айматың әр жерінен табылған тарихи-мәдени бұйымдар мен ұлттық салт-дәстүрді танытатын заттар сақталған. «Тарбағатай қызыл үй» музейі Шәуешек   қаласына келген туристердің жиі бас сұғатын және арнайы іздеп келіп көретін орталығы болып саналады», - деп жазады «Тарбағатай ақпарат» сайты.

Қытай билігі Баян-Өлгей аймағына 1 миллион юань бөледі -  KAZNEWS
null 

ҚХР-ның Үкіметі Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына 1 миллион юань бөлетін болды. Бұл туралы аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы хабарлады, деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.

«ҚХР-ның Сыртқы істер министрі Ван И Моңғолиядағы іс-сапары аясында елдің батыс зонасында орналасқан 5 аймақтың әкімдерімен кездесу өткізген. Кездесу барысында Ван И Баян-Өлгей аймағына 1 миллион юань-ның көмегін көрсететіні туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай аймақтарына да 1 миллион юань беретінін айтқан. Бұл қаржы аймақтың экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалмақ. Кездесуге Моңғолия Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар, Қаржы министрі Ч.Хүрэлбаатар қатысып, тараптар ет экспортын жандандыру, кедендік бекеттердің  өткізу мүмкіндігін арттыру, өңірлік әріптестікті жаңа сатыға көтеру туралы пікір алмасты», - деп жазады аталған БАҚ.

Сыңғырлы саздың сандуғашы Зіләш Мүтәліпқызы - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)
null 

Қытайлық kazakcnr.com сайтында Қуандық Көбенұлының Қытайдағы қандастарымыздың арасынан шыққан белгілі әнші Зіләш Мүтәліпқызының өнер жолы  туралы жазған «Сыңғырлы саздың Сандуғашы» атты мақаласы жарық көрді.
null 

Аталған мақаланың мәліметінше, Зіләш Мүтәліпқызы - 1975 жылы Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы Құлжа қаласында туған. Қытай Халық Республикасының Халық артисі, қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы Мүтәліп Әбдірахманұлының шаңырағында ержеткен  Зіләштің көзін ашып көргені сахна, тыңдағаны халық әні болған. Ол  1992 жылы Шынжаң ұлттық педагогикалық колледжіне музыка мамандығы бойынша оқуға түседі. 1994  жылы студент Зіләш Іле Қазақ автономиялы облысы ұйымдастырған ән байқауында, Абайдың  «желсіз түнде жарық ай» әнін тамылжыта шырқап, бас жүлдені жеңіп алады. Зіләш Мүтәліпқызы тыңдарман қауымға «Ақмарал сұлу, еркем-ай», «Алқызыл тас», «Гүлсара», «Ақ көйлек»,  «Көкөзен», «Түймелі-ай», «Қос күрең» секілді халық әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танылған.  Сондай-ақ, осы халық әндері «Гүлсара», «Ақ Көйлек» жане Аппақ Майтабанқызының «Көк өзен» сияқты әндерге бейнебаян түсіріп, көпшілікке ұсынған.



«Ән - көңілдің ажары» деп асқақ дауысты сал-серісін, әсем әуенді ұл-қыздарын қадірлейтін халықтың ұрпағымыз. Сұлу сазы табиғатымен біте қайнасқан қазақ әндері ғажайып сұлулығымен, тереңдігімен қымбат. Бүгінгі күні сол қазыналы өнердің қадірін түсінетін, есті тыңдарманның назарында әнші Зіләш Мүтәліпқызының орны бөлек. Ол 1999 жылы Қытайдың Жыжияң өлкесінде өткен республикалық ән байқауында жүлдегер атанса, 2007 жылы Хайнань телеарнасы мен Шынжаң телеарнасы бірігіп өткізген Қытай жаңа жылын қарсы алу мерекелік концертінде халық әні «Қамажайды» орындап тыңдарманның ерекше ықыласына бөленеді. Ал 2008 жылы Шеньчжень қаласында Гонконг, Шынжаң, Тибет  телеарналарының бірігіп өткізген концертінде «Хайнанның бұлты» атты қытай тіліндегі әнді де жоғары деңгейде орындап жұртты талантымен тәнті етеді. Ол бұдан басқада көптеген өнер бәйгесіне қатысып, сан мәрте жүлдегер атанып, түрлі марапат, сыйлықтарды иеленген.

«Зіләш Мүтәліпқызы бауырыңды балқытатын, жүрегіңді толқытатын тамаша әнші. Әсіресе, ол орындаған «Қос күрең», «Түймелі-ай» секілді халық әндері көпшіліктің жалықпай тыңдайтын әуеніне айналды. Шолпан жұлдыздың нұры әрқашан жарық болатындығы сияқты, әншінің алдағы өнер жолы да ұзарған сайын айшықты болары сөзсіз. Әсем дауысымен, әсерлі орындау шеберлігімен өз биігін жаратқан сахна саңлағының ұшар тұғыры берік, қалықтар аспаны биік болсын!»,- деп түйіндейді автор мақаласын.

Бұлбұл Мұратқызы Жакартадағы Азия ойындарында шеберлігімен көзге түсті - KAZNEWS
null 

Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Жазғы Азия ойындарында қандасымыз, баскетболшы Бұлбұл Мұратқызы шеберлігімен көзге түсті, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.

«Азия ойындарында кездескен Моңғолия елінің баскетболшы қыздары мен Гонконгтың қыздар құрамасы жарыс көрігін қыздырды. Қызық болғанда бұрын-соңды мұндай үлкен додада биіктен көріне бермейтін моңғолиялық арулар 83:79 есебімен жеті миллион тұрғыны бар әлемнің ең бай шаһарының командасын жеңіп кетті. Бұл оқиға Моңғол елінде үлкен сенсацияға телініп, командаға жеңіс сыйлаған шебер баскетболшы қазақ аруы Бұлбұл Мұратқызы туралы жаңалық Моңғол елінің аспанында жаңғырып тұр. Оны спорт сүйер қауым «Жакартада жанған жұлдыз» деп бағалауда. Бұлбұл шеңберге допты алыстан 8 рет дәл түсіріп, өзге де әрекеттерімен командасына 37 ұпай алып берген. Бұл жеке ойыншы үшін үлкен жетістік. Бұлбұл қарындасымыз 1995 жылы 11 қарашада Ұлан-батыр іргесіндегі Налайқы кентінде дүниеге келген. Бойы - 165 см, салмағы - 58 келі. Бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарып, 2016 жылы құрлықтық студенттер лигасының қола медаль иегері атанған», - деп жазады KAZNEWS порталы.

Түркия президенті Ердоған Қырғызстанға аттанады - TRT
null 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми кездесулер жүргізу және Түрік кеңесінің саммитіне қатысу мақсатымен 1-3 қыркүйек күндерінде Қырғызстанда болады, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Президенттің баспасөз орталығының хабарламасына қарағанда,  Ердоған сапар аясында Бішкекте Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Артынан Түркия мен Қырғызстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші жиналысы өткізіледі. Ердоған Қырғызстан сапарының екінші күнінде Ыстықкөл аймағында Шолпан-Ата қаласында өтетін 3-ші Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне және Түрік кеңесінің саммитіне қатысады», - деп жазады аталған БАҚ.

 

Даласында арқары жусаған киелі мекен - Тяньшаньнет
null 

Қытайдың Шынжаң өлкесі Бұратала Моңғол автономиялы облысында Мемлекеттік деңгейде ерекше қорғалатын даланың қоңыр аңы тау арқары мекен етеді,  деп жазады «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.
null 

 Күз мезгілі жетісімен, батыс Тяньшань тауының бөктерінде тауешкі, барыс, арқар, бұғы сияқты мемлекеттің «қызыл кітабына» енген, ерекше қорғалатын хайуанаттар бой көрсете бастаған. Қытайлық «Тяньшаньнет» порталы осы тау арқарын таспалаған фоторепортаж жариялады.

null null null 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар