Сындарлы сәтте сайлауды өз деңгейінде өткізуіміз қажет - Әміре Әрін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бұған дейін өткен саяси науқандарда жоғары белсенділік танытқан Алматы облысының жұртшылығы биыл да өз таңдауларын жасауға бір кісідей атсалысатындарын жеткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу газетінің бас редакторы Әміре Әрін мұндай маңызды науқанның ішкі бірліктің мығымдайтынын да атап өтеді. Оның пайымынша, биылғы Президенттік сайлауда халықтың белсенділігін тағы бір мәрте сыналмақ.
«Біздің бірлігіміз артқан сайын, ішкі татулығымыз артқан сайын сырттың да ерекше қадірлейтіні, құрметтейтіні бар. Осы тұрғыдан келгенде мыңдаған ғасырлық ғұмыры бар біздің арғы қазақ көне түріктер, бүгінгі қазақтар қашан да бірлігі болған кезде, ынтымағы артқан кезде айдарларынан жел есіп әлемге танылған болатын. Оны «Ұлы даланың жеті қыры» деген еңбегінде Нұрсұлтан Әбішұлы айтып кетті. Керек десе әлемге өркениет жайған халықпыз. Олай болса бүгінгідей сындарлы сәтте де сайлауды өз деңгейінде өткізіп, барымызды бағалауымыз қажет»,- деген пікірінін білдірді Талдықорған қаласының тұрғыны, ақын Әміре Әрін.

Фото; taldykorgan-online.kz

Соңғы жаңалықтар