Сынақ мерзімін өтеуші кәсіпорынның 400 мың теңгесін жымқырып кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың 21 жастағы тұрғыны сауда нысандарына сусындар жеткізумен айналысатын кәсіпорында 3 күндік сынақ мерзімінен өткеннен кейін 400 мың теңге көлеміндегі кірісті алған күйі ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ақша жоғалғанын білген жұмыс берушілер полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер елордалық азаматты қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Жас жігіт ірі көлемдегі ақшаны иемденгенін және оны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады», – деп хабарлады полицияда.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар