+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сығанақ қалашығының орталық бөлігі қалпына келтіріледі

2018 жылғы 16 тамыз 11:34
Бөлісіңіз:
Сығанақ қалашығының орталық бөлігі қалпына келтіріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Орта ғасырлық Сығанақ шаһарының аумағы толықтай қоршалды. Оған қоса Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығының солтүстік-шығыс қақпасын және орталық көшесін қалпына келтіру шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерте кездегі тарихшылар Сығанақты «Қыпшақ даласының гаваны» деп атаған. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған. Қазақ хандығы тұсында негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды.

« Сыр өңірінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Облыс көлеміндегі 12 ескерткіш 2017 жылдың нәтижесімен жарыққа шыққан «Жалпыұлттық қасиетті нысандар», 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына енгізілді. Сондай-ақ, ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе Бәбіш мола, қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілуде», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Өңірлік қасиетті нысандардың тізбесіне енгізілген Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт-медресесін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда орталық «Қорқыт Ата кітабы және Сыр бойында туған оғыз-қыпшақ эпостары» және «Сыр бойының мәдени құндылықтары: ел аңыздары мен салт-дәстүр үлгілері» атты тарихи-танымдық жинақтарды баспаға әзірленуде. Алдағы уақытта «Науаи және Абай шығармашылығы: түркілік және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар концепциясы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT